Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға бүгін таңертең Атырау қаласында болды. 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында автокөлік шинасы жанды.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей жедел түрде сөндірілді. Құтқарушылар 1942 жылы туған әжені таза ауаға шығарды. Зардап шеккендер жоқ.
Үйдің 45 тұрғыны, оның ішінде 12 бала алдын ала қауіпсіз жерге шығып үлгерді.