Теңіз шекарашыларының Каспийдегі құқық бұзушыларды қуған сәтінен түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Видеода құқық бұзушылардың Каспий теңізінде шекарашылардан қашпақ болғанын көруге болады. Сол сияқты шекарашылардың қуып жеткені әзірге белгісіз.
Өңірлік шекара қызметі қайықтық шынымен де ведомствоға тиесілі екенін растады.
«Су көлігі біздікі. Шекарашылар оларды жағада ұстаған болуы мүмкін. Олардың браконьер екені белгісіз. Бәлкім жай ғана аумақтық шекараны бұзған болуы мүмкін. Әрі бұл ескі видео да болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар көп. Біз қазір браконьерлікпен күресу бойынша жедел-алдын алу шараларының екінші кезеңін жүргізіп жатырмыз», - деп хабарлады баспасөз қызметі.