Атырау, 8 қыркүйек 04:44
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Нью-Йорктің қытай кварталында химиялық затқа толы баллондар жарылды

1 783 просмотра

Нью-Йоркте жергілікті уақыт бойынша сағат 12:45-те жарылыс болды, деп хабарлады Newsru.com. 

Өртке жәндіктерге қарсы химиялық затқа толы аэрозоль баллондарының жарылысы себеп болды. Бұл туралы журналистерге мегаполис полициясының өкілдері хабарлады. 

Олардың айтуынша, жарылыс бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесін залалсыздандыру кезінде болды. Бұдан кейін ғимаратта өрт басталып, ол жедел түрде сөндірілді. Полиция хабарлағандай, өрттен барлығы сегіз адам зардап шекті. Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген үш адамның халі нашар.

Бұнымен қатар, өртті сөндіру кезінде екі өрт сөндіруші жарақат алды.

Болған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. ТЖ-нің басты себебі жұмыстарды жүргізу барысында қауіпсіздік техникасының сақталмауы болып табылады.

Дереккөз: bnews.kz

12 шілде 2013, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.