Атырау, 18 қазан 15:26
 ашықВ Атырау +12
$ 487.24
€ 529.34
₽ 5.02

Прокуратура ​әрекетке қабілетсіз адамның мұрасын қайтарып берді

85 просмотра

Целиноград ауданы прокуратурасы жақын туысы мұрагерліктен заңсыз айырған әрекетке қабілетсіз адамның құқықтарын қорғады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.  

Әрекетке қабілетсіз азаматының анасы қайтыс болған соң мұра ашылғандығы анықталды.

Алайда, оның туған әпкелерінің бірі, нотариустан бірінші кезектегі мұрагер бар екендігін жасырып, 6 ай өткеннен соң, өзінің туған бауырын мұрасыз қалдырып, анасының барлық мүлкіне мұрагерлік құқық туралы куәлікті тек өзіне алған.

Аудан прокуратурасымен әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін сотқа мұрагерлікті қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру және мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талап қою арызы, сонымен қатарәпкесінің  мұрагерлік мүлікті иеліктен шығару бойынша шаралар қабылдай бастауына байланысты аталған мүлікке тыйым салуы туралы өтініш берілді.

Сотпен прокурордың талап қою арызы толығымен қанағаттандырылды, әрекеткеқабілеттілігі жоқ тұлғаға мұрагерлікті қабылдау бойынша мерзімі қалпына келтірілді, әпкесінеберілген мұрагерлік құқық туралы куәлік жарамсыз деп танылды. 

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Бүгін, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.