Атырау, 18 қазан 15:14
 ашықВ Атырау +12
$ 487.24
€ 529.34
₽ 5.02

"Қазақстандағы алимент мөлшері тым аз" - сенатор

98 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Сенатор Жанна Асанова Қазақстанда алимент төлеу механизмін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өзінің депутаттық сауалында Асанова алимент сомасы баланың қажетіне жетпейтінін айтты.

“Заң бойынша Қазақстанда бір балаға алимент мөлшері ата-ана жалақысының немесе басқа да табысының 1/4 бөлігін құрайды. Алайда, бұл мөлшер қазіргі экономикалық жағдай мен баланың шынайы қажеттіліктеріне сәйкес келмейді деп есептейміз”, – деді сенатор.

Оның айтуынша, іс жүзінде кейбір алимент төлеушілер алимент мөлшерін азайту үшін ең төменгі жалақыны өз табысы ретінде көрсетеді. 2024 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды, яғни балалар 22 мың теңге алады. Тәуелсіз сарапшылардың мәліметінше, балаға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін айына кемінде 130 мың теңге қажет.

“Сонымен қатар, ата-аналардың бірнеше баласы болған жағдайда алимент мөлшері тиісті деңгейде артпайды, себебі қолданыстағы неке және отбасы заңнамасы үш және одан да көп балаға табыстың жартысын ғана ұстауды шектейді. Нәтижесінде әрбір балаға лайықты қаражатпен қамтамасыз ету әрдайым мүмкін бола бермейді”, – деді Асанова.

Оның айтуынша, қазіргі алимент жүйесі кеңестік заңнаманың нормаларына негізделген және баланың жас ерекшеліктері мен экономикалық жағдайдың өзгеруін ескермейді. Бұл балаларды осал жағдайға қойып, олардың толыққанды дамуы үшін қажетті ресурстардан айырады.

Мысалы, Германияда алимент мөлшері баланың жасына және ата-ананың табысына байланысты. Сонымен қатар, алименттің минималды мөлшері төлеушінің табысына тәуелсіз белгіленеді. Мысалы, бес жасқа дейінгі балаларға 480 еуро, алтыдан 11 жасқа дейінгі балаларға 551 еуро және тағы басқа сома қарастырылған. Қазақстанда алименттің минималды мөлшері заң жүзінде белгіленбеген.

Бұл мәселені шешу үшін депутат мынадай ұсыныстар жасады:

  • Неке және отбасы заңнамасын қайта қарау арқылы отбасылық жағдайды, балалардың санын және олардың нақты қажеттіліктерін ескеретін икемді әрі әділ алимент мөлшерін белгілеу;
  • Балалардың жасына және әлеуметтік факторларға байланысты негізгі қажеттіліктерін талдау;
  • Алимент төлемдерін төмендетудің алдын алу мақсатында жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған төлеушілер тарапынан табысты жасыру механизмін анықтау.
Бүгін, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.