Атырау, 18 қазан 13:31
 ашықВ Атырау +12
$ 487.24
€ 529.34
₽ 5.02

Енді елімізде онлайн петицияға жазылған пікірлер де тексеріледі

105 просмотра

Оған "Ұлттық ақпараттық технолгиялар" АҚ жауапты, деп хабарлайды Информбюро.

Қазақстанда онлайн петиция жариялау ережелеріне тағы да өзгерістер енгізілмек. Жаңа өзгерістер петицияға пікірлер жазуға қатысты. 

Петицияларда пікір жазу функциясы сақталады, дегенмен, оларды қадағалап, тексеруге жауапты уәкілетті орган белгіленеді. Ол – "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы – "Ұлттық ақпараттық технолгиялар" АҚ.

"Петиция бойынша пікірге немесе оның бөлігіне шағым түскен кезде уәкiлеттi орган пікірлердің Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын бұзуы тұрғысынан тексереді. Оператор пікірлерді немесе оның бір бөлігін уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу туралы хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жояды (жасырады)", – делінген ережеге енгізілетін өзгерістер жобасында. 

Еске салайық, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының петицияға қосылу және интернет-ресурста еркін қолжетімді түрде комментарий (пікір – ред.) орналастыру арқылы оған қатысты өз көзқарасын білдіруге құқығы бар.

Бүгін, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.