Атырау, 10 желтоқсан 01:03
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Көлеңкелі мұнай бизнесі

3 353 просмотра

Қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2013 жыл басталғалы мұнайдың заңсыз айналымы фактісі бойынша 16 қылмыстық іс қозғалған.

Тек маусым айында облыстық қаржы полициясы «Грэйт Ханбалык», «Мега Ойл Продукт» және Наnkeldi Commerse ЖШС-лерінің басшыларына қатысты үш қылмыстық іс қозғады. Олар 2010-2012 жылдары жалған құжаттар бойынша АМӨЗ-ге шикі мұнайды өңдеуге тапсырып отырған деп күдіктелуде. Осы ЖШС басшыларына қатысты ҚР ҚК-нің 183-1-бабының 1-тармағы («Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау») бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қылмыстық істер тергелуде, тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар жария етілмейді.

Жалпы жыл басынан бері жалған құжаттармен АМӨЗ-ге өңдеуге тапсырылған мұнайдың заңсыз айналымы фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 183-1 және 193-баптары бойынша («Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру») 16 басшыға қатысты қылмыстық істер қозғалды.

Осы қылмыстық істердің шеңберінде 1 млрд теңгеден астам сомада 9 мың тоннадан астам заңсыз мұнай тәркіленіп алды.

"Рetpoline" ЖШС басшыларына қатысты ҚР ҚК-нің 193-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар шикі мұнайды өткізуден түскен ақшалай қаржылармен келісімдер мен қаржылай операциялар жасаған деп күдіктелуде.

АМӨЗ-ге жалған құжаттар бойынша жеткізілетін мұнай көлемі 2011 жылы 67,3 мың тоннадан 2013 жылы 1,5 мың тоннаға дейін төмендеді. Бұл қаржы полициясының мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күресінің тиімділік көрсеткіші боп табылады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 шілде 2013, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.