Атырау, 18 қазан 09:30
 ашықВ Атырау +17
$ 487.24
€ 529.34
₽ 5.02

Отбасы банк басшысы Ислам ипотекасы қашан іске қосылатынын айтты

206 просмотра

Отбасыбанкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова Қазақстандағы пайызсыз ипотека мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

“Ислам ипотекасы біздің жоспарымызда бар. Мұсылман көршілеріміз бар. “Пайызды харам” деп қазір Ислам ипотекасын жасағандар бар. “Бізге де осындай өнім жасап беріңіздер” деп клиенттерімізден көп өтініш түседі. 2025 жылы жоспар бойынша сондай жасап береміз”деді ол.

Ләззат Ибрагимова бұл тек идея екенін алға тартты.

“Бұдан басқа ешқандай жаңалық айтпаймын” деді.

ДЕПУТАТТАР БАСТАМАСЫ

Жыл басында мәжіліс депутаттары «Отбасы банкінің» ипотекалық несиенің барлық сомасына пайыздық мөлшерлеме алуын әділетсіздік деп премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдаған.

Депутат Ислам Сұңқар «Отбасы банкінде» ипотека алған азаматтар банк салымында соманың жартысын жинайтынын түсіндірді. Кейінірек банк қарыз алушыға мүлікті сатып алу үшін жетіспейтін бөлігін береді. Бұл ретте ол тұрғын үйдің барлық құнына – бастапқы жарнаға да, берілген сомаға да сыйақы мөлшерлемесін алады.

Кеше, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.