Атырау, 18 қазан 09:29
 ашықВ Атырау +17
$ 487.24
€ 529.34
₽ 5.02

Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге ресми түрде тыйым салды

209 просмотра

Ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау федералды қызметі Қазақстаннан бірнеше ауылшаруашылық өнімдерін, соның ішінде бидайды, жасымықты және майлы зығыр тұқымдарын импорттауға уақытша тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, тауарларды Ресей аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға рұқсат етілген. Бірақ ол үшін тауарлар соңғы елге жіберілетін фитосанитарлық сертификатты рәсімдеу қажет және астықты вагоннан тікелей кеме трюмдеріне тиеуі керек екен.

Қазақстаннан қызанақ, бұрыш, күнбағыс тұқымдары мен қауындарды тікелей транзитпен де жеткізу толықтай тыйым салынған.

16 қазанда мәжіліс депутаттары Ресейдің осындай шаралары 25 миллион тонна астықтың бұзылуына алып келуі мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар халықаралық келісімдердің бұзылуына назар аударды. Парламент мүшелері бұл мәселеге қатысты үкіметке бірнеше ұсыныспен хат жолдады.

Осы ретте мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров отандық астықтың экспорты үшін Ресейден басқа логистикалық бағытты іске қосу ұсынды.

"2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Ресей Федерациясы Қазақстанның астығы мен ауылшаруашылығы өнімдерінің Ресей аумағы арқылы өтуіне біржақты шектеулер енгізді. Осы теріс шешімнің нәтижесінде астыққа, дән өнімдеріне, күнбағыс тұқымына, қызанақ, бұрыш және басқа да өнімдерге фитосанитарлық сертификат беру тоқтатты. Халықаралық келісімдер жайына қалды. Нәтижесінде осындай кедергілер біздің елдің ауылшаруашылығы саласына, жалпылай алғанда экономикамызға салмақ салып отыр. Қазақстандық экспорттаушылар үлкен қаржылық шығынға ұшырады, вагондар тоқтап қалды, өнімдерді жеткізу мерзімі өтіп жатыр", – деді депутат.

Депутаттың сөзінше, жалпы алғанда келісімшартта көрсетілген міндеттемелер бұзылды. 

"Біздің елдің азаматтары сол үшін айыппұл арқалап, қарайған шығынға батып жатқан жайы бар. "Россельхознадзордың" осындай әрекеті биыл жинадық деп жар салған 25,2 миллион тоннаға дейінгі астықтың пайдасын экономикамызға тимеу қаупін төндіріп отыр", – деді мәжіліс депутаты.

Тағы да сападан ұтылып, уақыт жоғалтамыз дейді Айдарбек Қожаназаров.

Кеше, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.