Атырау, 18 қазан 09:26
 ашықВ Атырау +17
$ 487.24
€ 529.34
₽ 5.02

Қазақстанға Илон Масктың анасы келіп, тұсау кесті

228 просмотра

Алматыда өткен Орталық Азия әйелдерінің форумына әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева желідегі парақшасында жариялады.

“Бұл таңғажайып әйел – Илон Масктың анасы. Ол – өнертапқыш баланы дүниеге әкелген ана ғана емес, сондай-ақ кәрілікке қатысты стереотиптерді бұзған әйел. Өмір сүрудің моделіне айналған адам”, – деп жазды мәслихат депутаты. 

Одан кейін Мэй Маск Қазақстанға құр келіп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүріне куә болды. Ол тұсау кесіп, бүлдіршіннің алғашқы қадамына сәттілік тіледі. 

Сондай-ақ, жұлдызды әйел Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейін де аралады. Экскурсия кезінде "Steppe Sons" модерн этно-джаз тобы қонақтарға өнер көрсетті. 

Кеше, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.