Өскеменде 30 млн теңге ұрлап кеткен үй ұрылары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қолма-қол ақша мен зергерлік бұйымдардың ұрланғаны туралы полицияға жергілікті тұрғын өтінішпен жүгінген. Келтірілген шығын сомасы 28 миллион теңгені құрады.
Жедел іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары қаскөйлердің ізін суытпай ұстады. Анықталғандай, күдіктілердің бірі бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Тінту кезінде полицейлер ұрланған зергерлік бұйымдарды тауып, оған қоса 1 келіге жуық гашиш тәркілеген.
«Күдіктілер жәбірленушінің өмірін бақылап, аңдып жүріп ұрлыққа мұқият дайындалған. Оның кеткенін күткен қылмыскерлер қоршаудан секіріп өтіп, терезе арқылы үйге кіріп, сейфтан ақша мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен.
Күдіктілерге қатысты ұрлық және есірткіні заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда», - делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан хабарламада.