Атырау, 7 қаңтар 04:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

​Туристтік объектілерге санитарлық тораптарды орнатуға жауаптылар 74,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған​

373 просмотра

Жетісу облысының прокурорлары аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымы директорының сотталуына қол жеткізді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті.

Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.

Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

17 қазан 2024, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.