Атырау, 26 желтоқсан 17:20
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалуда

3 444 просмотра

Жыл басынан бері бизнес ісіне заңсыз араласу фактілері бойынша 5 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Атырау облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке кәсіпкерден ЖК-нің әрекет ету мерзімін ұзартқаны үшін 30 мың теңге мөлшерінде пара алған Индер ауданы салық басқармасының бастығына 2 жылға сынақ мерзімімен шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды.

Мақат ауданының СЭС басқармасы бастығының міндетін атқарушы шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. Ол жер учаскесіне өндірістік база құрылысын салуға келісім беруге қол қойғаны үшін 50 мың теңге мөлшерінде пара алған.

Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Ол Атырау қаласындағы оқу орталығы директорының сенімін пайдалану және алдау жолымен тендердің жеңімпазы деп тануға көмектескені және жалпы қамқорлығы үшін 350 мың теңге алған деп айыпталуда. Қалған істер тергелуде. Барлығы бірінші жартыжылдықта кәсіпкерлерден облыстық қаржы полициясы департаментіне 21 шағым түсіп, олар бойынша бизнесмендердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шаралары алынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 шілде 2013, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.