Атырау, 7 қаңтар 04:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

Ірі көлемде есірткі тасымалдап, өткізгені үшін Қазақстанның үш азаматы ұсталды

307 просмотра

2024 жылы қыркүйекте ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Сонымен, Шу және Мерке аудандарында шамамен 102 кг марихуана мен 3 кг-ға жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының 3 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 


17 қазан 2024, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.