Атырау, 16 қазан 19:24
 ашықВ Атырау +7
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Банктер алаяқтар рәсімдеген несиелерді өтеуге міндеттелмек

64 просмотра

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова елде алаяқтар рәсімдеген несиелерді өтеуге банктерді міндеттеу көзделгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжіліс отырысында агенттік төрағасы алаяқтар рәсімдеген несиелерді өтеу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар 2024 жылдың басында Қазақстанда несие алудан өз еркімен бас тартуға жол ашатын заң қабылданғанын еске салды. 

“Бұдан бөлек егер несие қарыз төлеушінің тікелей қатысуынсыз рәсімделсе, қарызды жою мүмкіндігі қарастырылған. Сәйкесінше қандай да бір жолмен азаматтың жеке деректері алаяқтардың қолына түсіп, несие алуға өзі қатыспаған жағдайда қарыз жойылады”, – деді Әбілқасымова. 

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы азаматтардың құқығын қорғау үшін алаяқтар рәсімдеген несиені кешіру негіздері мен критерийлерін кеңейту мәселесі әлі де қаралатынын айтып өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова Қазақстан нарығына қай шетелдік банктердің келуі мүмкін екенін айтқан еді. 

Бүгін, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.