Атырау, 16 қазан 19:24
 ашықВ Атырау +7
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Түркияда 6 балдық жер сілкінісі болды

84 просмотра
Ашық дереккөзден алынған фото

Түркияның оңтүстігінде бүгін 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, жер сілкінісі 16 қазанда таңертең Малатиядан 44 шақырым жерде болған.

Магнитудасы 6.0 балл болатын жер асты дүмпулерінің эпицентрі 10 шақырым тереңдікте жатты. Олар Малатия, Диярбакыр және Элазиг провинцияларында сезілді.

Түркияның Ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, тиісті мекемелердің мамандары бұл аймақты зерттей бастады.

«Біз жер сілкінісіне байланысты оқиғаларды мұқият қадағалап отырмыз, ол жақын маңдағы провинцияларда да сезілді», - деп жазды ол Х желісінде.

Айта кетейік, 2023 жылы Түркияда жойқын жер сілкінісінен 44 мыңнан астам адам қаза болған.

Бүгін, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.