Атырау, 19 қараша 10:25
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

​Атыраулық​ жас хоккейшілер Астраханьда кубок жеңіп алды

Сурет
930 просмотра

«Бейбарыс» балалар хоккей командасы Ресейде өткен «Астрахань облысының Кубогы» халықаралық турнирінде 1 орынды жеңіп алды. 

Калмыкия және Ресейден барлығы 6 команда қатысқан жарыста жас спортшыларымыз үздік ойын көрсетіп, команда ойыншылары жеке номинация бойынша да үздіктер қатарында болды. 

Турнир қорытындысы бойынша ең көп пас берген Нұрадин ӘМІРҒАЛИ «Үздік ассисент» атанса, ең көп ұпай жинаған команда ойыншысы Данила ШТУКИН турнирдің «Үздің бомбадирі» атанды. 


Жаңа сезонның басы болған соң барлық ойындар оңайға соқпады. Дегенмен 2015-2016 жылғы біздің ойыншылар табандылықпен мінез көрсетіп жетістікке қол жеткізді. Финалда Волгоградтың «Торнадо» хоккей командасын 10:2 есебімен жеңіп, 1 орынға ие болды, деді «Бейбарыс» балалар хоккей командасының жаттықтырушысы Айдын ХАПЫШТАЕВ. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

16 қазан, 20:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.