Атырау, 16 қазан 15:28
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

​«Атырау – Астрахань» жолының тағы бір учаскесінде жұмыстар аяқталды

137 просмотра

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Атырау – РФ шекарасы (Астраханға)» автомобиль жолының 753-833 шақырымы аралығындағы қайта жаңарту учаскесінде ұзындығы 80 шақырым болатын негізгі жұмыстарды аяқтады, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы. 

Жолдың Атырау қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына (Астраханға) дейінгі жалпы ұзындығы 277 шақырымды құрайды. 
753-833 шақырым аралығындағы қайта жаңарту учаскесінде қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон қоспасынан 80 шақырымда жабынның жоғары қабаты төселді. 

Сонымен қатар, келесі жұмыстар орындалды: 25 бірлік байланыс жүйесі төселді; 13 су өткізгіш құбыр орнатылды; 5 мал өтетін жол жасалды; 78 жарықтандыру тірегі жөнделді; 155 мың с.м. торлы қоршау орнатылды; 435 жол белгісі бекітілді; 8 мың с.м. тосқауыл қоршауы жөнделді; 1 санитарлық-гигиеналық торап орнатылды; 4 демалыс орны абаттандырылды; 26 ауыспа жол жасалды.

Аталмыш жобаға 400-ге жуық арнайы техника мен 650 маман жұмылдырылды.

Бүгінгі күні 621-833 шақырым аралығындағы учаскеде (ұзындығы 212 шақырым) 3,4 млн. м3 көлемде жол төсемінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, 212 шақырымда негізгі қабат және 146,8 шақырымда қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетоннан жоғарғы қабат төселді. 
 
Жаңадан салынған жол 212 шақырымда қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп жатыр. Бұрын бұл учаске арқылы жол жүру ұзақтығы 5 сағат болса, қазір бүкіл жолды 2 сағаттың ішінде жүріп өтуге болады.

Жобаның халықаралық стандарттарға сәйкес орындалуына байланысты, жергілікті компаниялармен қатар, Италия, Түркия және Әзербайжан елдерінің компаниялары да қатысуда.

2024 жылдың соңына дейін жоба жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгін, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.