Атырау, 5 желтоқсан 12:49
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ұзақ жыл шетелде тұрып, Иранға оралған журналист Тегеранда қамауға алынды​

421 рет қаралды

Иран және АҚШ-тың азаматы Реза Вализадеге шетелдік БАҚ-пен парсы тілінде әріптестік танытты деген айып тағылған. Бұл жөнінде АЕ/АР-ға туыстарының бірі хабарлады.

Иранның ресми тұлғалары Вализаденің қамалуына қатысты түсініктеме берген жоқ.

Реза Вализаде Азаттықтың Фарда радиосының тілшісі қызметінен 2022 жылы қарашада кеткен және біраз уақыт шетелде тұрған. X желісіндегі кейінгі жазбасында 16 наурызда Тегеранға баратынын айтқан.

Жазбада ол Ислам революциясы сақшылары корпусының барлау қызметімен келіссөзді "ішінара аяқтағанын" айтқан. Бірақ соған қарамастан тәуекел етіп, Иранға оралған.

16 қазан 2024, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.