Атырау, 9 қаңтар 07:28
 ашықВ Атырау -3
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

Қазақстан импортында Ресейдің үлесі көбейді

251 просмотра
Сурет: pixabay.com

Қазақстан импортындағы Ресей Федерациясының үлесі – 29,5%. Жыл басынан бері сегіз айда құны 111,2 млрд доллар тауар тасымалдаған. Өткен жылдағы кезеңмен салыстырғанда Ресейден келетін тауар көлемі 2,3%-ға артық, деп хабарлайды Data Hub.

РФ жіберетін мына тауар топтары импорттың 85%-ын құрайды:

  • металдар және олардан жасалған бұйымдар – $2,2 млрд;
  • машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар – $2,1 млрд;
  • химиялық және аралас өнеркәсіп өнімдері – $1,9 млрд;
  • дайын тамақ өнімдері – $1,3 млрд;
  • отын-энергетикалық тауарлар – 1,1 млрд;
  • жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер – $0,9 млрд (+8,6%).

Data Hub сегіз айлық көрсеткіш бойынша 3-4 жылда Ресей импорты айтарлықтай өскенін көрсеткен. Мәселен, 2021 жылғы есеппен салыстырғанда, биылғы импорт көлемі 25%-дан асқан.

Былтырғы қаңтар-тамыз айларында импорт 8,2%-ға азайды. Осы кезеңде көрші елден 10,6 млрд доллар тауар тасымалданған.

16 қазан 2024, 08:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.