Атырау, 21 желтоқсан 00:08
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

ҚМГ басшысы румын шенеунігімен Rompetrol қызметін талқылады

787 просмотра

Астанада 15 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Румыния Премьер-Министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі статс-хатшысы Флорин Спатарумен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Румыния арасында энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, атап айтқанда, «KMG International» тобының құрамына кіретін румындық Rompetrol компаниясының қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.

Өндіріс тиімділігін арттыруға және жаңа экологиялық стандарттарға бейімделуге бағытталған жобаларға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ тараптар диалогты жалғастыруға және экономикалық ынтымақтастықты өзара дамытуға ықпал ететін ортақ бастамаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.

16 қазан, 00:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.