Атырау, 22 қараша 13:16
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Сүйінішбек Әбуғалиев «Атырау облысының Құрметті азаматы» атанды

761 просмотра

15 қазанда облыс әкімі Серік Шәпкенов бұрғылау ісінің шебері, жер қойнауын барлаудың үздігі Сүйінішбек Әбуғалиевті қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында Сүйінішбек Әбуғалиевке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 27 қыркүйектегі  №113-VIII шешімімен «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

- Бұл марапат – барлау ісіндегі көп жылдық еңбегіңіз бен зор кәсіби шеберлігіңіздің лайықты бағасы. Салаға қосқан үлесіңіз облыстың дамуына, болашағына үлкен ықпал етті. Сіздің жүріп өткен өрнекті өмір жолыңыз әрқашан жас ұрпаққа үлгі болып қала береді. Халқымыздың кемел келешегі жолында ұзақ жылдар бойғы атқарған адал да мінсіз қызметіңіздің жемісін көруге жазсын. Ғибратты ғұмырыңыз баянды, асар асуыңыз биік, көрер қызығыңыз көп болсын!

Сүйінішбек Әбуғалиев 1954 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1973 жылы Маңғыстау облысы Қарақия мұнай-газ барлау экспедициясында бұрғышының көмекшісі болып бастаған. Өзінің 40 жылдан астам мансабында әртүрлі лауазымда қызмет атқарып, саланың дамуына зор үлес қосты. 2002-2019 жылдары «Адай Петролеум Компани» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

«Биикжал», «Қасқырбұлақ» мұнай-газ кенішін ашып, тереңдігі 7000 метр «Қырықмерген» және «Мұнайлы» кен орындары құрылымының геологиялық-техникалық құжаттарын бұрғылауға әзірлеп тапсырды.

Атырау облысындағы газоконденсант кешені «Имашевская», «Сазанқұрақ», «Жаңаталап», «Забурунье», «Төбеарал», «Орысқазған», «Жолдыбай Солтүстік», «Октябрьский» мұнай-газ кеніштерін ашуға үлес қосты.

Сүйінішбек Әбуғалиевтің кәсіби жетістіктері жоғары бағаланып, «Жер қойнауын барлаудың үздігі» және «Жер қойнауының Құрметті барлаушысы» төсбелгілерімен марапатталған.

16 қазан, 00:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.