Атырау, 21 желтоқсан 21:13
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Министрлік Черчесовтің қазақ тілін кемсіткені үшін түсініктеме беруді талап етті

464 просмотра
Фото: Tengri Sport/ Антон Алексеев

Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке журналистер қазақ тілінде сұрақ қояды. Бапкердің «Французша сұрап тұрсың ба?» - деп журналистің сұрағына қарсы сұрақпен жауап беріп, наразылық тудырған еді. Осы жағдайға қатысты Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етті.

Кешелі бері әлеуметтік желілерде қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен таралып, қоғам тарапынан наразылық туғызды. Министрлік бұл жағдайға бей-жай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдады. Хатта мемлекеттік тілдің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Тіл туралы» Заңына сәйкес жоғары тұратыны және оған барлық азаматтың құрмет көрсетуі керектігі айтылған. Сонымен қатар федерациядан осы оқиғаға түсініктеме беру және С.Черчесовпен мемлекеттік тілге құрмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етілді, - делінген хабарламада.

Министрлік федерация тарапынан мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қолданылуы керек деп санайды.

Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясы министрлікке бағынысты ұйым емес екенін, тиісінше оның ішкі мәселелеріне араласа алмайтынын, дегенмен Қазақстандағы спорт саясатын қалыптастырып, жүргізетін ведомство болғандықтан, түсініктеме талап етуге құқылы екенін қаперге саламыз. Осы жазба арқылы еліміздегі өзге федерацияларды да мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға және оларға қатысты орынсыз қалжыңның алдын алуға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сенат депутаты Геннадий Шиповских ҚХА мүшесі ретінде Станислав Черчесовтің қазақ тілін француз тілімен шатастырған әрекетіне қатысты Спорт министрі мен Қазақстан футбол федерациясына үндеу жолдады.

15 қазан, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.