Атырау, 7 шілде 01:50
 дождьВ Атырау +29.3
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

516 үй жылусыз қалды

1 234 рет қаралды

15 қазандағы мәлімет бойынша, Атырау қаласында көпқабатты үйлердің тең жартысына жылу берілді, қалған үйлерге жылу беру кезекпен жалғасуда. Бұл туралы Атырау Энергокешенінің баспасөз қызметі хабарлады. 

- Тұрғын үйлерге 8 қазаннан бастап жылу беріле бастады. Мәселен, қала бойынша жалпы  тұрғын үй саны 1033 болса, соның  бүгінгі күнге дейін 517-не жылу берілді. Енді 516 үйді жылумен қамтамасыз ету жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді Атырау Энергокешені.

Атырау облысы әкімдігінің телеграм чатында Нұрсая ықшамауданындағы №7, №60 үй, Таумұш Жұмағалиев көшесіндегі №14 үй, Сарқамыс ықшамауданы тұрғындары жылудың әлі қосылмағанына шағым айтып жатыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

16 қазан 2024, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.