Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірге «Бекіре-2024» іс-шарасы кезінде Toyota Camry көлігін тоқтатты.
Тексеру барысында автокөлік салонынан салмағы 70 келі болатын 23 дана бекіре тұқымдас балық өнімдері тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
"Бекіре-2024" іс-шарасы басталғалы 900 келіге жуық заңсыз балық өнімдері тәркіленді.