Атырау, 15 қазан 13:19
 ашықВ Атырау +12
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Көлік конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті жою және қайта ресімдеу тәртібі өзгерді

110 просмотра
Сурет: gov.kz

Қазақстан Республикасының Cауда және интеграция министрлігі көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті (КҚКҚТК) жою және қайта ресімдеу тәртібіне қатысты сәйкестікті бағалау қағидаларына өзгерістер енгізді. Бұл біздің елге әкелінетін автомобильдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және аккредиттелген сынақ зертханаларының қызметін бақылауға бағытталған, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Қауіпсіздік куәлігі (КҚКҚТК) бірыңғай көлік құралының КО ТР 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін растайды және тұлғалардың жеке көлік құралдарын әкелуі үшін міндетті құжат болып табылады.

Енді аккредиттелген зертханалар үш жағдайда қауіпсіздік куәлігі (КҚКҚТК) күшін жояды.

Олар: көлік құралы айналымға шығарылғанға дейін иесінің өтініші бойынша, аккредиттеу жөніндегі орган автомобильдің конструктивтік сипаттамаларының сәйкессіздігін анықтаған кезде және бақылау процесінде уәкілетті органдар тарапынан бұзушылықтар анықталған кезде.

Маңыздысы, аккредиттелген зертханалар сынақ нәтижелерінің дұрыстығына және сәйкестікті бағалау процедураларының сақталуына жауап береді. 2024 жылы 24 зертханаға тексеру жүргізілді, оның ішінде 17 зертхананың аккредиттеу аттестаттары тоқтатылды, ал айыппұлдардың жалпы сомасы 21 млн теңгеден асты.

Бұл өзгерістер әкелінетін көлік құралдарының қауіпсіздігін бақылауды күшейтуге және сәйкестікті бағалау жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталған.

Бүгін, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.