Атырау, 15 қазан 13:23
 ашықВ Атырау +12
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Әскерде мүгедек болған: Ербаян Мұхтардың оқиғасына қатысты дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

90 просмотра
Фото: Орда

Ербаян Мұхтардың отбасының құқық қорғаушысы Инга Иманбай оқиға бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бүгін белгілі болғандай, 1 қазан күні қаулы шығып, негізгі қылмыстық істен бөлек дәрігерлердің іс әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталған. Ол іс бойынша да сараптама тағайындалған. Негізгі іс бойынша сараптама нәтижесін күтіп жүрміз. Тек қана сіздердің қолдауларыңызбен әділеттілікті талап етуді жалғастырамыз», - деп жазды ол.

Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Алматыдағы 5571 әскери бөлімнің ұлттық ұланында қызмет еткен Ербаян Мұхтар комаға түскен. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген. Алайда туыстары бұған сенбейді.

Бүгін, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.