Атырау, 15 қазан 15:30
 ашықВ Атырау +12
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Атыраулық студенттер «Каспий ойындары» универсиадасының жеңімпазы атанды

Бейнежазба
113 просмотра

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері Ресей Федерациясының Астрахань қаласында өткен VII халықаралық «Каспий ойындары» универсиадасында бірінші орын жеңіп алды.

Халықаралық ойындарға Каспий теңізінің жағалауындағы 5 ел – Қазақстаннан, Әзербайжаннан, Ресей Федерациясынан, Түркіменстан Иран Ислам Республикасындағы 14 жоғары оқу орнынан 700  студент және Ресейде білім алып жүрген африкалық 9 елдің студенттері де бақ сынаған.

«Бес күнге созылған спорттық сайыста командалар жеңіл атлетика, фиджитал-футбол, самбо, жүзу, волейбол, футбол, шахмат, дойбы сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің І курс студенті Гүлхан Шыңғысхан 1500 және 3000 метрге жүгіруден күміс, 800 метрге жүгіруден алтын медальға ие болды. Ал, ІІІ курс студенті Әлфия Мұхиденова 3 мың метрге жүгіруден қола медаль иеленді. Самбодан Нариман Мұхан, Қазбек Аңсаған және Бекбол Мұқашев бірінші Дінмұхаммед Қилымов екінші, Дінмұханбет Шаменов үшінші орын алды», - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, І курс студенттері Жанель Әдиет пен Бекарыс Жұмалиев дойбыдан, Нұрбек Хайрошев шахматтан чемпион атанған. Университеттің ерлер арасындағы баскетболдан, фиджитал баскетбол мен футболдан, самбо, шахмат, дойбыдан бірінші орын, ал фиджитал-футбол мен волейболдан екінші орын иеленген.

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері VII халықаралық «Каспий ойындары» универсиадасында табысты өнер көрсетті. Универсиада ойындарының қорытындысымен атыраулық студенттер жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Бүгін, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.