Атырау, 14 қазан 21:25
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Украинаға қарсы Солтүстік Кореяның әскер жібергені ресми расталды

131 просмотра

Зеленскийдің айтуынша, КХДР қару-жарақ жіберіп қана қоймай, өз азаматтарын Ресей Қарулы Күштері жағында Украинада соғысуға аттандыру арқылы Ресейді жан-жақты қолдап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жексенбі күнгі видео үндеуінде ол Ресей-КХДР альянсын тежеу үшін Украинаның батыс серіктестерімен өзара іс-қимылын күшейту қажет деп қосты.

"Біздің Украинаның мүмкіндігін ұзақ қашықтықтағы қару-жарақпен кеңейту және жабдықтауды ұлғайту туралы айтқанымызды тек әскери техниканың тізімін арттыруға бағытталған үндеу ретінде ғана қабылдамау керек. Біз агрессорға қарсы қысымның күшеюін қалаймыз, ол Ресейге төтеп бере алатындай болуы керек", – деді ол.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресей 2022 жылдың басында Украинаға жаппай басып кіргеннен бері Владимир Путиннің негізгі одақтастарының біріне айналды.

Солтүстік Корея Ресей армиясын қолдау үшін сарбаздарын жіберіп жатыр деген мәлімдеме БАҚ беттерінде алғаш 9 қазанда пайда болды. Бұқаралық ақпарат құралдары Украина мен Оңтүстік Кореяның жоғары лауазымды шенеуніктерінің Солтүстік Корея инженерлері Ресей әскерилеріне Украинаға баллистикалық зымырандармен соққы беруге көмектесіп жатқаны туралы ақпаратты жариялады.

Бүгін, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.