Атырау, 14 қазан 21:22
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тұрлыхановтың ұлына қатысты тағы да дау шықты

113 просмотра

Қазнетте Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың той тойлап жүрген видеосы тарады. Ол бостандығын шектеу режиміне байланысты бұл уақытта үйінде болуы тиіс еді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ІІМ құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Пробациялық бақылауды бұзу фактісі бойынша сотталған адамға ескерту жасалды, жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотқа материал дайындалып жатыр»,— делінген комитеттің ресми жауабында. 

Айта кетейік, Нұрасыл Болат мамырда 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын. Талапқа сәйкес, оған шетелге шығып, клубтар мен барларға баруға тыйым салынды. Сондай-ақ ер адам сағат 23.00-ден кейін үйден шықпауы керек.

Нұрасыл Болат бұған дейін де бірнеше рет тәртіп бұзды. Тамыз айында әлеуметтік желіде оның қаланы аралап жүргені түсірілген видео пайда болды.

Бүгін, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.