Ол бес күнге жалғасты.
"Ақжайық" МТР РММ мәліметінше, өрт шалған аумақ орманды алқапқа жатпайды. Қызметкерлердің растауынша, өрт салдарынан аң-құс зардап шекпеген.
- Резерваттағы өрт шалған аумақ 13 қазан күні 13:20- да толықтай сөндірілді. Өртенген аумақтың көлемі шамамен 800 га құрап отыр, нақты көлемін «Orman KZ» бағдарламасы және «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰҚ» АҚ-нан геопорталының жоғарыдан түсірген суретімен салыстыру арқылы анықталады. Қазіргі уакытта өрт шалған аумақ мемлекеттік инспекторлармен қатаң бакылауға алынып, күзет жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады резерваттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 8 қазан күні резерваттың шекаралас аумағында яғни Солтүстік Каспий теңізінің Оң жақ жағалауында сулы батпақты қамысты жерлер өртеніп бастаған болатын. Кейін өрт ошағы резерватқа қарасты аумаққа ауысты.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ