Атырау, 22 желтоқсан 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Индер ауданында қосымша екі канал тартылып жатыр

Сурет
1 092 рет қаралды

Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәмбетқали Құсайыновтың айтуынша, каналдардан егін шаруашылығы мен төрт түлікке су алынады. 

Индербор кенті және Бөдене ауылдық окуругіне қарасты «Алғабас-Жорық» каналы 1968 жылдан бері жұмыс істеп тұр.  Каналдың бойын мекендеген 15 шаруа 119 гектар жерге егін  салып, жеміс ағаштарын өсіруге пайдаланып отыр. Ұзындығы 64,7 шақырымды құрайтын суару-суландыру жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Ал Көктоғай ауылдық окуругінің аумағындағы «Ақсай» каналының бойында 7 кәсіпкер 164 гектарға егін егіп отыр. 80 шақырым болатын каналды жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған. Қос  арнаны жөндеу жұмысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. 

- Аталған округтердегі төрт-түліктің бәрі осы каналдардан  су ішеді. Себебі құмдағы құдықтардың суы тартылып, ашып кеткен. Тағы 2 каналды қазып, судың өту қабілетін арттыруға тырысып жатырмыз. Олар: ұзындығы 102,3 шақырым «Бағырлай» және 51,7 шақырым ға созылып жатқан «Құрайлы Сай» . Бұл екі каналды жөндеу жұмысы толықтай келер жылы аяқталады деп жоспарланып отыр, -   деді Мәмбетқали Құсайынов.

Индер ауданы әкімдігінің мәліметінше аталған аталмыш каналдарға жөндеу жүргізуге 3 млрд 100 мың теңге бөлінген. 

-  Екі каналды жөндеу жұмыстары биыл жыл соңында аяқталса, қалған екі каналды тереңдету жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарланған, -деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 қазан 2024, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.