Атырау, 14 қазан 17:23
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Маңғыстаудағы оқушылардың жаппай улануы: кімдер қызметінен кетті

117 просмотра

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстауда балалардың жаппай улануы мәселесіне себепкер болғандар қалай жазаланғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тамақтану мәселесіне қатысты барлық тиісті өзгеріс енгізілгенмен, оны жүзеге асырудағы кәсіпкерліктердің жауапкершілігі жайлы мәселені үнемі көтеріп жүрмін. Нақты Маңғыстау облысы бойынша айтатын болсақ, тамақтанумен айналысатын кәсіпкер мектептен аластатылды. Ол кәсіпкердің бұдан былай өзге мектептерге қызмет көрсетуіне де шектеу қойылды. Одан бөлек, тиісті тұлғалардың барлығы жауапкершілікке тартылды. Білім басқармасының басшысы жұмысынан босатылды. Әкімнің орынбасары да осындай жауапқа тартылды. Сәйкесінше, тамақ жеткізген кәсіпкерлікпен де келісімшарт үзілді», - дейді Бейсембаев.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы мектептердің бірінде жалпы 460 бала уланғанын хабарлаған едік.

Бүгін, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.