Атырау, 14 қазан 15:21
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Асхат Аймағамбетов жоғары сынып оқушыларына мектеппен қатар колледжде білім алуға рұқсат беруді ұсынды

92 просмотра

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 10 және 11-сынып оқушыларына колледжде мектеппен параллель білім алуға рұқсат беруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Еңбек нарығын дамыту жөнінде үкімет сағатында депутат кадр дайындауға үлкен септігін тигізететін колледждерге қатысты ұсыныс айтты. 

"10 және 11-сынып оқушыларына өз таңдауы бойынша колледжде қатар білім алуға рұқсат беруді ұсынып отырмыз. Бұл мектеп түлектеріне 11-сыныпты аяқтаған соң аттестат пен нақты мамандық бойынша диплом алуға жол ашады. Сондай-ақ базалық пәндері қайта оқудың алдын алып, түлекті экономика қажеттіліктеріне бағыттауға мүмкіндік береді", – дейді Асхат Аймағамбетов. 

Ал мектептер мен колледждер арасында байланысты жақсарту үшін депутат колледждің оқу-өндірістік комбинатындағы практиканы қайта енгізуді ұсынды. Бұл жоғары сынып оқушыларына кәсіби еңбек дайындығынан өтуге мүмкіндік береді. Ал мектептерде оқу-өндірістік комбинат ұйымдастыру қаржыландыру болмағандықтан жасалмай отыр дейді. 

Бүгін, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.