Мақсұт Хаким NCOC компаниясының логистика жөніндегі бас менеджері болып тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.
Хаким - ҚазҰТУ-ды «Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген, Хьюстон университетінде МВА дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2003 жылы халықаралық Chevron компаниясында (Хьюстон, АҚШ) инженер болып бастады, кейін AGIP KKo (Лондон, Ұлыбритания) халықаралық компаниясында инженер және үйлестіруші болып жұмыс істеді. Total компаниясында (Париж, Франция) үйлестіруші, коммерциялық директор, кейін «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының күрделі құрылыс және күрделі жөндеу жөніндегі орынбасары, «ҚазСтройСервис» АҚ даму жөніндегі басшысы, «Лукойл ЛЦА» ЖШС атқарушы директоры қызметтерін атқарған.
2019-2021 жылдар аралығында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметін атқарған. Одан кейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ын басқарды. ҚМГ және «ҚазТрансОйл» компаниясының бұрынғы басшысы Қайыргелді Қабылдиннің ұлы Хакимнің соңғы қызметі «QazaqGaz» ҰК» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры.