Атырау, 22 сәуір 01:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19

Елімізде Telegram-ның кеңсесі ашылады

588 рет қаралды
Фото: freepik.com

Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылып, өкілі сайланбақ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің сөзінше, енді WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар да елімізде өз өкілін тағайындайды.

«Біз сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді — бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам», — деді Жаслан Мәдиев.

Еске салсақ, таяуда депутат Мұрат Әбенов Telegram қосымшасынан қауіптенетінін айтқан.

14 қазан 2024, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.