Атырау, 21 қараша 19:43
 ашықВ Атырау +3
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Сахараны соңғы елу жылда болмаған су басты

389 просмотра
Сурет//theguardian.com

Марокконың оңтүстік-шығысында бір жылдық көлемнен артық жауын-шашын жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Guardian таратқан мәліметке сәйкес, Сахараны соңғы жарты ғасырда болмаған су басқан.

Бұған екі күн қатарынан жауған жаңбыр мөлшерінің Марокконың оңтүстік-шығысындағы бірнеше аудандағы орташа жылдық көрсеткіштен асқаны себеп болған. Бұл мәліметті елдің метеорологиялық агенттік өкілдері де растап отыр.

Ел астанасы Рабаттан оңтүстікке қарай 450 шақырымда орналасқан Тагунитте бір тәулікте 100 мм-ден асатын жауын жауды.

Жауын-шашынның мұндай мөлшері жақын айлар мен жылдар ішінде өңірдегі ауа райы жағдайын өзгертуі мүмкін. Себебі ауада ылғал көбейсе, бұл буланып, дауылдың тұруына себеп болады.

Аумағы 9,4 млн шаршы шақырымды құрайтын Сахара – әлемдегі ең ыстық шөл дала. Ұзаққа созылған шөл құрлықтағы көптеген мемлекеттердің проблемасына айналып отыр. Себебі күн райының апатты жағдайлары жаһандық жылыну салдарынан күшейіп келеді. Ғалымдар болашақта Сахарада дауылдың болу қаупін жоққа шығармайды.

14 қазан, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.