Атырау, 23 қараша 11:55
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Джохар Царнаев сотта өз кінәсін мойындамады

2 142 просмотра

Бүгін Вашингтонда Бостонда жарылыс ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтың соты басталды. Сот тыңдауы АҚШ-тың жергілікті уақыты бойынша 15:30-ға жоспарланған.


Жалпы бұқараға және бас айыпталушының жақындарына сот отырысы жайлы алдын-ала хабарланды. Сондықтан сот процесіне қатысушылар қатары көп болуы мүмкін. Қоғамдық бірлестік өкілдері  мен өзге де келушілер сот мекемесіне қойылған монитор арқылы барлығын көруге мүмкіндік алады.

Джохар Царнаевқа 30  бап  бойынша айып тағылған, оның он жетісі ең қатал үкім өлім жазасын қарастырады. Естеріңізге салайық, Царнаев – 15 сәуірдегі Бостон марафоны кезінде  болған жарылысқа қатысы бар басты айыпталушы.  Оқыс оқиғадан төрт адамның өмірі қиылып, 264 адам жараланды.

Дереккөз: Астана телеарнасы

11 шілде 2013, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.