Атырау, 14 қазан 11:18
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Семейде қоқыс жәшігінен табылған бала қайтыс болды

73 просмотра
Сурет: freepik.com

Абай облыстық полиция басқармасы жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған баланың қайтыс болғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Полиция күдіктіні және істің мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Абай облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Полицейлер әлі баланың жасы мен жынысы туралы ақпарат бермеді.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 13 қазанда Семейдің сол жағалауындағы көпқабатты үйдің ауласында орын алды. Әлеуметтік желіде көпқабатты үйдің ауласында полиция қызметкерлері мен өртсөндірушілердің жүргені бейнеленген видео жарияланды. Кейінірек жанып жатқан қоқыс жәшігінен сәбидің табылғаны белгілі болды. Жедел жәрдем келіп, сәби ауруханаға жіберілген еді. Мамандар оның денесінің 70 пайызын күйік шалғанын айтқан болатын. 

Бүгін, 08:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.