Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
Қазіргі уақытта Алматы облысының Талғар қаласында қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау үшін Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды.
"Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.