Атырау, 22 желтоқсан 10:34
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Израиль Газа секторында әскери қылмыс жасады

826 просмотра

Израиль Газа секторында адамзатқа қарсы әскери қылмыс жасады. Тақауда Біріккен Ұлттар ұйымы еврей еліне осындай айып тақты, деп хабарлайды 24.kz.

Ұйымға қарасты тәуелсіз халықаралық тергеу комиссиясының баяндамасы бойынша Израиль әскері қақтығыс аумағында медициналық мекемелерге, дәрігерлерге шабуылдау, азаптау және қасақана кісі өлтіру әрекеттерін жасаған. 

ДДСҰ мәліметі бойынша кейінгі бір жылда  Газада мыңға жуық дәрігер қаза болған. Шекаралардың жабылуы себепті 10 мыңнан аса науқас Газадан шыға алмай қалған. Бұдан бөлек, комиссия Израиль мен ХАМАСты тұтқындарды азаптау бойынша да айыптап отыр. 

11 қазан, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.