Атырау, 26 желтоқсан 16:15
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Әріптестерге сыйлық тарту етілді

4 126 просмотра

ТШО-ның орталық кеңсесінде үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімнің бас менеджері Ризабек АРТЫҒАЛИЕВ пен бас менеджердің орынбасары Дэвид МАКИНИСТІ академик Зейнолла Қабдолов атындағы сыйлықпен марапаттау рәсімі өтті. Марапаттарды Қабдолов атындағы қордың директоры Бекет Қарашин және академиктің немересі Санжар Қабдолов табыс етті.

Бұған дейін бұл халықаралық сыйлық кейбір отандық және шетелдік мемлекет пен қоғамқайраткерлеріне, өнер мен бизнес өкілдеріне тарту етілген еді.ТШО өкілдері «Қабдолов атындағы қормен көп жылдар бойы әріптестік қарым-қатынаста болғандығы үшін» наминациясы бойынша марапатталды. Соңғы жылдары қор ТШО-ның қаржылай көмегімен мемлекеттік тілді оқыту мен насихаттау бойынша жобаларды жүзеге асыруда. Үш жылдан бері Атырау облысының жергілікті емес ұлт өкілдері арасында «Мен қазақша білемін!» тақырыбында байқау өтіп келеді.

Қазір Қабдолов атындағы қор «Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@» жобасын қолға алды. Бұл да мемлекеттік тілді дамыту бағытында, бірақ жұмыстар әлеуметтік желілер мен электронды тасығыштар арқылы жүргізіледі. Жоба аясында екі тілде «Айналайын Атырау» айдарымен жергілікті әдебиетшілердің шағын прозаларының жиынтығы шығарылып, қазақ тілін үйрету бойынша ойын подкаст түрлері дайындалуда, онлайн режимінде байқаулар өткізілмек. Осындай жобалардың арқасында қазақ тілі өз мәртебесін арттыра береді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

11 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.