Атырау, 7 қараша 17:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Облыстық спорт басқармасы басшысына қатысты іс: тергеу аяқталды

1 187 просмотра

Атырауда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспановқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Антикор брифингінде белгілі болды.

Оған спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына шығуын ұйымдастыруға бюджеттен қаражат бөлу үшін ведомстволық бағынысты Олимпиадалық резервтерді даярлау орталығының жаттықтырушысынан 1,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылды. Тергеу ісі оның мемлекетке ірі шығын келтірген басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтады.

Аталған қылмыстық істер бойынша күдіктілер мен олардың қорғаушылары сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысуда.

Еске салсақ, осы жылы ақпан айының соңында Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспановтың қарамағындағы мекемеден спортшыларға арналған оқу-жаттығу жиындарына бөлінген қаражаттан 1,2 миллион теңге пара алған жерінен ұсталғаны белгілі болған еді.

Дастанбек Қоспанов облыстық спорт басқармасының басшысы болып өткен жылдың шілде айында тағайындалған болатын.

Дастанбек Қоспанов Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «экономист-қаржыгер» мамандығын, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «дене шынықтыру және спорт» мамандығын тәмәмдаған.

2004-2005 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалында әр түрлі қызмет атқарды, 2007 - 2008 жылдар аралығында Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2008 - 2016 жылдар аралығында Атырау облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында әр түрлі қызмет атқарды, 2017 - 2019 жылдар аралығында «Атырау қалалық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директорының орынбасары, 2017-2019 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директоры қызметін атқарады.

Атырау облысы әкімінің өкімімен Дастанбек Қоспанов дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев таныстырды.

Қазір оның қызметін Нұржауған ТӨЛЕУОВА атқаруда.

Айнұр САПАРОВА

10 қазан, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.