Атырау, 21 желтоқсан 17:28
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Енді камералар ереже бұзған мопедисті тіркей алады

414 просмотра

Камералар автомобиль немесе мотоциклдегі артқы нөмірді түсіреді, жақында мопедті де тіркей алады, деп хабарлайды Kolesa.kz.

Мопед тіркеуді міндеттейтін заңға өзгеріс 2025 жылдың сәуірінде күшіне енеді. Алдын ала мәлімет бойынша скутер мотоциклге арналған нөмір тағатын болады. Олар үшін жаңа стандарт әзірленбеді. Нөмір мотоциклдегідей артқа орнатылады.

Мұндай жағдайда ереже бұзған мопед жүргізушісін анықтауға бола ма? Өйткені оңтүстік астананың өзінде ондаған мың скутерлер жүр, ал олардың барлығын қадағалау үшін патрульдік экипаж жетпейді.

Sergek Group компаниясы Kolesa.kz редакциясына хабарлағандай, қазір Алматы мен Астанада көліктің артқы нөмірін түсіретін мыңға жуық камера бар.

«Астанада мұндай камералардың саны 150-ден асады, ал Алматыда шамамен 800-ге жетеді. Олар қала орталығында ғана емес, сондай-ақ шеткі аймақтарда да орналасқан. Біз мопедті анықтау бойынша тәжірибе жинадық, Оңтүстік-Шығыс Азия қалаларында пилоттық жоба жасадық, атап айтқанда, Багио (Филиппин) және Баликпапан (Индонезия) қалаларында нейрондық желі мен компьютерлік көру жүйелері белсенді қолданылды. Қазір біз осындай функционалды Қазақстанда қолдану үшін әзірлеу жұмыстарын жүргізудеміз», — деді Sergek Group өнімдері жөніндегі директоры Нигмет Абдрахманов.

Оның айтуынша, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі мопедтерге нөмірді тек артқы жағына ғана емес, алдыңғы жағына да орнатудың қажеттілігін көрсеткен. Бұл көлік құралын анықтау тиімділігін және дәлдігін айтарлықтай жақсартады, сондай-ақ жүргізілетін аналитиканың сапасын арттырады.

Sergek Group Алматыда 7 902, ал Астанада 6 000-нан астам жол камерасы бар екенін айтты. Олардың көбін қажет болған жағдайда «артынан түсіру» режиміне оңай баптауға болады.

2024 жылдың басынан бері Алматыда мопед қатысқан 743 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның салдарынан 14 адам қайтыс болды, 757 адам жарақат алды. Мопед жүргізушілері арасындағы ең қауіпті ереже бұзушылықтардың қатарында бағдаршамның қызыл түсіне өту, қарсы жолаққа шығу, маневр жасау және жолда жүру ережесін бұзу бар.

10 қазан, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.