Атырау, 10 қазан 13:22
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Павлодар бала-бақшаларына азық-түлік жеткізуші бағаны 300%-ға қымбаттатқан

91 просмотра

Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысының мектепке дейінгі мекемелерінде ӘМАТ бағасын негізсіз қымбаттату фактілерінің жолын кесті, деп хабаралйды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Жүргізілген мониторинг барысында ЖШС-нің өңірдегі 158 мектепке дейінгі мекеменің 108-нің негізгі жеткізуші болғаны анықталды.

Мектепке дейінгі мекемелермен (бала-бақшалармен) жасалған шарттарда өндіруші зауытынан алған бағадан ӘМАТ-тың түпкілікті тұтынушысына дейінгі баға айырмашылығы: 

- күнбағыс майы – 286% үстемақымен (453 тг/л-ден 1300 тг/л дейін),
- қарақұмық жармасы – 150% (240 тг/кг-нан 600 тг/кг дейін), 
- қант – 93% (325 тг/кг-нан 630 тг/кг дейін), 
- тауық жұмыртқасы-79% (430 тг/онд-тан 770 тг/онд дейін), 
- тұз-66% (60 тг/кг-нан 100 тг/кг дейін), 
- күріш – 36% (490 тг/кг-нан 670 тг/кг дейін), 
- сары май – 22% (2075 тг/кг-нан 2550 тг/кг дейін). 

Агенттік қабылдаған шаралардың нәтижесінде аталған ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жеткізушімен жасалған шарттар күшін жойды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде ӘМАТ жеткізу шарттары қайта қаралып, жаңа келісім-шарттар жасасу мәселесі қаралуда. Осылайша үнемделген қаражат сомасы 30 млн теңгеден асты.
 
ӘМАТ тауарларына баға белгілеудің делдалдық схемаларын тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялар шеңберінде Агенттік бюджеттік ұйымдарға жеткізілетін азық-түлік бағасына жүйелі түрде мониторинг жүргізуде.

Бүгін, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.