Атырау, 25 сәуір 13:50
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Шынтақ жақын болса да...

2 201 просмотра

Жақын арада «Дина» базарында ерекше аттракцион пайда болды. Ниет білдірушілердің барлығына 300 теңгеге күш сынасу ұсынылды. Маңдайшада жазылғандай, ең мықтылар 6 мың теңгені ұтып ала алады.

Ақшаны алу үшін турникте 2 минут ілініп тұру керек. Түк қиындығы жоқтай көрінеді. Алайда біз бақылаған 20 минут ішінде өз салмағын ешкім бір минут та ұстай алмады. Турникті ер адамның күректей алақанымен де ұстап тұру мүмкін емес. Оның үстіне ол бекітілмеген, ілініп тұрған адам ауырлық күшімен төменге қарай сырғып түседі.

Дегенмен, мұның бәрі екі минут ішінде 6 мың теңге ақша тапқысы келген ер адамдардың көпшілігін тоқтатар емес. Сатушымен сөйлесудің реті болмады – ол кезекті клиентпен керілдесуден қолы тимей жатыр. Бірақ топ ішіндегі «білетін» адамдардың айтуынша, аттракцион жұмыс істеген бірнеше күннен бері 6 мың теңгені ешкім ұта алмапты.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

11 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.