Атырау, 13 қараша 07:08
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін есепші сотталды​

206 просмотра

Бухгалтер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есеп-шотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған.

Барлығы 5,1 млн теңге сомасында аударым жүргізілген.

Аталған факті бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды.

Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.

10 қазан, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.