Атырау, 13 қараша 07:22
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Ақтөбе облысында 800 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы салынуда

175 просмотра

Мәртөк ауданында сүт бағытындағы екі ірі шаруа қожалығы өз өндірісін кеңейтіп жатыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Ауданға жұмыс сапары аясында облыс әкімі Асхат Шахаров Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының іске асырылу барысымен танысты. Әкім «Айс» ЖШС фермасына барды.

Қазір фермада мың сауын сиыр бар. Мұнда жылына 12 664 тонна сүт өндіріледі. Өндірісті кеңейтудің бірінші кезеңінде сүт-тауарлы ферма салу және сауын сиырлардың санын 800 басқа дейін  арттыру жоспарлануда. Құрылыс аяқталуға жақын. Жобаның құны 5,3 млрд. теңге, оның ішінде 3,2 млрд.теңгесі - қарыз қаражаты. Бұл қаржыға құрылыс жұмыстарынан бөлек, сауу қондырғысы мен 800 бас ірі қара мал (сүтті бағыт) сатып алу жоспарлануда. Ферма іске қосылса, оның өндірістік қуаты екі есеге артып, жылына 22,6 мың тонна сүтті құрайды. Екінші кезеңде сауын сиырлардың санын тағы 800 басқа көбейту жоспарлануда. Осылайша, ферманың қуаты жылына 32,6 мың тонна сүтке  артады. Сондай-ақ, ферма ашылған жағдайда қосымша жұмыс орындарын құрылады. Нысан 2024 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

Өндіріс жұмысын бағамдау барысында Асхат Шахаров жем-шөп дайындау жұмыстарымен де танысты. Бүгінгі таңда «Айс» ЖШС 1578 тонна жоңышқа, 13,5 мың тонна сүрлем, 4,8 мың тонна шөп және 950 тонна жемдік астығын дайындап қойған. Шөп жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. 

«Ақтөбе облысында сүт өндірісі белсенді дамып келеді. Мемлекет басшысының сүт және басқа да ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында бірден екі ауыл шаруашылығы құрылымы, атап айтқанда «Айс» ЖШС және «Рад-Агро» ЖШС жаңа сүт фермаларын салып жатыр. Бұл жобаларды іске асыру халықты сапалы және қолжетімді сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, фермалардың іске қосылуы аймақтың ауыл шаруашылығы экономикасының жақсаруына әсер етеді. Сүт бағытын дамыта отырып,  жаңа жұмыс орындарын құрамыз, жергілікті өндірушілердің табысы артады», - деп атап өтті облыс әкімі.

10 қазан, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.