Синоптиктердің мәліметінше, 10 қазан күні еліміздің көптеген өңірлерінде жауын-шашын болып, жел күшейеді. Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында жауын-шашын қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көру мүмкіндігі нашарлауы ықтимал. Оңтүстік аймақтарда күндіз ауа температурасы біршама жоғары болып, жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы күндіз 3-8 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, әрі қарай төмендеуімен.
Петропавл қ: 10 қазанда жауын-шашын күтіледі (жаңбыр соңы қарға ұласады). Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы күндіз 3-5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Ұлытау облысы
10 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 10 қазанда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында туман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 10 қазанда найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с. 10 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысы
Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі және шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 10 қазанда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 10 қазанда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Маңғыстау облысы
Түнде Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 10 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
Қостанай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ: 10 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысы
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 10 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысы
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі. Облысың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 10 қазанда төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Павлодар облысы
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысы
Күндіз Ақмола облысының солтүстік жартысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетау қ.: 10 қазанда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысы
Күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 10 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 10 қазанда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавл қ.: 10 қазанда шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Астана
Астана қ.: 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысы
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, Уржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Аймақтар: Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысы
Күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. 10 қазанда облыстың солтүстік-батысында төтенше, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 10 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.