Атырау, 9 қазан 12:23
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +15
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Дзюдодан 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

59 просмотра
Фото: instagram.com/erbol_myrzabosynov/

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Министр Будапешттегі сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесіп, тиісті келісімге қол қойған.

«Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді», - деп жазды министр.

Бұдан өзге  Мырзабосынов Қазақстанда Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін ашу туралы уағдаласқан.

Бүгін, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.